«Фортепиано» мамандығы

Фортепиано» мамандығы үшін

«Ансамбльдік орындаушылық» пәнінен мемлекеттік емтихан бойынша талаптар

ҚОТ жағдайында «Ансамбльдік орындаушылық» пәні бойынша «Фортепиано» мамандығы үшін мемлекеттік емтихан оқушының талқылауы түрінде өткізіледі.

Емтихан күні сынып оқытушылары оқушының үлгерімін, оқу кезеңіндегі жетістіктерін ашатын мінездеме оқиды. Сонымен қатар оқытушы жұмыс үшін баға қояды.

Әр студенттің жұмысые талқылау уақыты 5 минут.


«Фортепиано» мамандығы үшін

«Аспапта ойнауды оқыту әдістемесі» мемлекеттік емтихан бойынша талаптар

ҚОТ жағдайында «Аспапта ойнауды оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Фортепиано» мамандығы үшін мемлекеттік емтихан тестілеу түрінде өткізіледі.

Тест жұмысы 25 сұрақтан тұрады:

«Бастауыш оқыту» бөлімі бойынша 4 сұрақ

«Музыкалық шығармамен жұмыс» бөлімі бойынша 16 сұрақ

«Фортепианалық педагогика» бөлімі бойынша 5 сұрақ

Тестілеу емтихан күні өткізіледі, тестілеу уақыты-30 минут.


«Фортепиано» мамандығы үшін

«Арнайы аспап»бойынша мемлекеттік емтихан талаптары

ҚОТ жағдайында «Фортепиано» мамандығы үшін «Арнайы аспап" пәні бойынша мемлекеттік емтихан концерттік бағдарламаны жеке орындау бейнежазбасын тыңдау түрінде өткізіледі.

Оқушы бағдарламасы алты туындыдан тұруы керек:

1. бір полифониялық шығарма;

2. ірі формадағы бір шығарма;

3. виртуоздық, толық жоспардың бір пьесасы;

4. екі концерттік этюд;

5. Қазақстан композиторларының пьесасы

Бағдарламаға міндетті түрде батысеуропалық классиктердің, орыс, қазіргі заманғы композиторлардың және Қазақстан композиторларының шығармалары кіруі тиіс.

Студенттерді тыңдау емтихан күні өткізіледі, сөз сөйлеу уақыты-15 минуттан аспайды. Осыдан кейін әр студенттің жұмысы 5 минуттан талқыланады.




Текст
Виртуальная приемная